Алматының маңында 7 жасар баланы мектеп автобусы басып өлтірді (ВИДЕО)

Қараша 27, 2024 - 17:29
 0  38
Алматының маңында 7 жасар баланы мектеп автобусы басып өлтірді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға салдарынан 7 жасар бала қайтыс болды. Бұл деректі Алматы облысының Полиция департаменті растады.

– 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрақ аумағында артқа жүрген кезде 7 жасар баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0