Аман қалғандардың жағдайы ауыр: Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты ақпар шықты
Бүгін, 25 желтоқсан күні сағат 11:25-те Ақтаудың жанында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ құсқа соғылған соң, Ақтау әуежайына апатты жағдайда қонуға дайындалып келе жатқан, деп хабарлайды sadaq.kz.
Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Оқиға орнында ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері мен психологтары жұмыс істеп жатыр. Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі екені анықталды.
Қазақстанның азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді.
"Оқиға орнына жедел медициналық комиссиялар дайындап, травматолог, нейрохирург дәрігерлерін жібердік. Біз барлық көмек түрлерін көрсетеміз, қажет болған жағдайда көлікпен қамтамасыз етеміз. Әзірге аман қалған алты адам белгілі, олардың жағдайы өте ауыр", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?