«Анамды темір сойылмен ұрды»: Алматы тұрғыны халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)

24 жастағыы алматылық Анастасия Борисова 5 сәуір күні жұмыстан келе жатқан анасын ер адам темір сойылмен ұрып, соққыға жыққанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Ер адам әйелге 10 шақты жерінен соққы жасап, денсаулығына аса ірі зиян келтірген.
«Басы, иығы мен қолы жараланған. Анамды ауруханаға апарып, он жеріндегі жарақатын тігіп берді. Қазір қозғала алмайды. Біз Түрксіб ауданының полиция бөлімшесіне бардық. Алайда олар маған арыз жаздырмай, анамның өзі келсін деді. Мен ауруханадан анамды қансыратып сол жерге апаруға мәжбүр болдым. Арызды қабылдағанда «Денсаулыққа орташа зиян келтіру», яғни 108-бап бойынша іс қозғалатынын айтты. Бірақ оған көңілім көншіп отырған жоқ», — дейді Борисова.
Оның айтуынша, анасын көшедегі жігіттер құтқарып қалған. Олар болмағанда анасы жазатайым болар еді дейді.
«Біз кейін полицияға тағы барғанда, «денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабы, яғни 108-бап бойынша іс қозғалғанын айтты. Сонда адамның басын жарып, қолын сындыру — бұл жеңіл түрдегі зиян келтіру бола ма? Ол тек айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін. Сондықтан осы әлеуметтік желі арқылы бұқарадан көмек сұрауға мәжбүр болып отырмын», — деді ол.
Анастасия Борисова 6 сәуірде анасына соққы жасаған адам бостандыққа шыққанын айтты.
«Мен күні бойы анамның қасында болдым. Оның маңдайы жарақаттанып, қолы сынған. Өзі ақсаңдап жүреді. Миы шайқалған. Мен бұл оқиғаны әлеуметтік желіде жариялауға мәжбүр болып отырмын. Бірақ әділдікке жетуге қоғамдық резонанс тудырғым келеді», — деді ол.
Редакция бұл оқиға бойынша Алматы қаласының полиция департаментіне сұрау жолдады.
@borz_girl все закреплено в актуальных в Инстаграм @borissova_25 ♬ оригинальный звук - borzova_ girl
Сіздің реакцияңыз қандай?






