Анасы мен баласы көз жұмды: Ақтөбеде қайғылы жағдай болды

Мамыр 8, 2025 - 16:57
Анасы мен баласы көз жұмды: Ақтөбеде қайғылы жағдай болды
Фото: Kazinform

Ақтөбе-Атырау тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында анасы мен баласы көз жұмды.

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Темір ауданы аумағында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан 31 жастағы әйел мен 3 жасар баласы көз жұмды. Ал жүргізуші мен 10 айлық баласы ауруханаға жеткізіледі.

— Жол-көлік оқиғасынан соң Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жол-көлік апатынан ауруханаға түскен жүргізуші үйіне шықты. Ал бала қазір көпсалалы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.

 — 10 айлық қыз бала қазір ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow