Әнші Ерболат Құдайберген арнайы мединалық орталыққа жатқызылды
Алматы қаласының Полиция департаментіне көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарынан көршісінің агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторы ақпараттың расталғанын анықтады.
Белгілі болғандай, азамат өзін-өзі бақыламайтын күйде болып, айналасындағыларға агрессия танытып, тұрғындардың тыныштығына қауіп төндірген.
Аталған тұлға медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді. Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығын бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу деректері бойынша шаралар қабылданды.
Бұл азамат бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Алматы қаласының полициясы тұрғындардан келіп түскен әрбір өтініш жедел қаралып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті құқықтық және профилактикалық шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты басымдықтарының бірі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0