Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалған ұлына қатысты соңғы мәлімет

Сәуір 3, 2026 - 16:24
chat_bubble  0 visibility  4
Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалған ұлына қатысты соңғы мәлімет
Фото: видеодан скрин

Алматыда танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаев із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы оның жары Ұлжан Шәріпбекова мәлімдеп, қоғамнан көмек сұрады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ұлжан Шәріпбекованың айтуынша, күйеуі Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Содан бері оның телефоны өшірулі күйде, ал өзінен ешқандай хабар болмаған. Бұған дейін ол бір-екі күн ішінде міндетті түрде байланысқа шығып, жағдайын хабарлап отыратын.

Алайда бұл жолы арада 9 күн өтсе де, ешқандай белгі жоқ. Жоғалған азаматты іздеу жұмыстары басталып, полицияға да ресми түрде хабар берілгенімен, әзірге нақты дерек анықталмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Баир Сиқымбаевтың телефоны соңғы рет Алматы қаласындағы Орбита шағынауданында өшкен. 1989 жылы туған азаматтың тұрақты жұмысы болмаған. Ол бұрын әуежайда инспектор болып, сондай-ақ қалалық №2 емханада қызмет атқарған. Анасы Гүлнәр Сиқымбаева көзі тірісінде Қыздар педагогикалық университетінде жұмыс істеген.

Жақындарының сөзінше, соңғы уақытта Баир Сиқымбаев ата-анасынан қалған үйді сатып, басқа жерге көшу туралы жиі айтқан. Осы жағдайдың жоғалуына қандай да бір қатысы болуы мүмкін деген болжам да қарастырылып отыр. Сонымен қатар, туыстары оның алаяқтардың құрбаны болуы немесе белгісіз адамдар тарапынан қысымға ұшырауы ықтимал екенін де жоққа шығармайды.

Қазіргі таңда Ұлжан Шәріпбекова жұбайын көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан дереу хабарласуды сұрап отыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0