«Антирекорд»: ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек желі жұлдызына айналды

Шілде 8, 2024 - 15:24
Шілде 8, 2024 - 15:26
«Антирекорд»: ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек желі жұлдызына айналды

Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 ұпай жинаған, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Ол бұл туралы видеоны TikTok-тағы парақшасында жариялады.

Ерасыл Уәлиевтің өзі оның видеосы Желіде тарап кетіп, пікір жазғандар үш топқа бөлінгенін айтты. Кейбірі мектеп түлегін соншалықты «ақымақ» десе, енді бірі не деген «ақылдысың» деген. Ал үшінші топ оқушыны «тек бір сұраққа жауап беріп, кетіп қалған» деп топшылап отыр.

Кейінірек мектеп түлегі ҰБТ-дан не себепті 1 балл алғанын түсіндірді.

«Қазір 11-сынып оқушыларының бәрі «грантқа түсеміз» деп, ҰБТ тапсырып жатыр. Жоғары балл алғандар, әрине, бас киімін аспанға лақтырып қуанып жатса, төмен балл алғандар депрессияда. Біреулер тіпті «Өміріме нүкте қойылды, енді не істеймін?», деп уайым түбіне түскен, бірақ мен сіздерге айтайын. ҰБТ-мен өмір тоқтап қала ма? Жоқ. Әрине, жоқ. Не үшін? Мысалы, Американың экс-президенті Дональд Трамп мектеп кезінде сабақты дұрыс оқымапты. Сол сияқты Билл Гейтс, ол да дұрыс оқымаған. Барлығымыз ұстап жүрген телефон - iPhone. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс та сабақты дұрыс оқымаған. Оның ата-анасы тіпті ол баланы университетке жіберу үшін төлеп, артынан қуған, бірақ бала бәрібір «оқымаймын» деп, бірінші сессиядан кейін «ұшып», кетіп қалған ғой, бірақ олар оқымаса да, өмірде жетістіктерге жете алды. Сол үшін сіздер уайымдамаңыздар. Өмірде жетістікке жету үшін ҰБТ-ның балы ешқандай рөл ойнамайтынын дәлелдегім келіп тұр. Сондықтан өзіме берілген мүмкіндікті пайдаланып, алдағы уақытта барша адамға ҰБТ-ның балының арқасында емес, тұрақтылық пен дисциплинаның арқасында көп, биік-биік белестерге қалай жететінімді көрсетпекшімін», - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow