«Араға 9 жыл салып»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жүкті екенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады (ВИДЕО)
Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін!
Мейрамбек Беспаевтың әйелі сүйінші жаңалығын жеткізді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Мархабат Беспаева видео жариялап, үшінші сәбиін күтіп жүргенін аңғартты.
Мархабат қуанышты жаңалығын оқырмандарына өзі жеткізген.
"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де, міне, үшінші рет басымнан кешудемін. Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр.
Біз сені асыға күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", - деп жазды ол.
Оқырман қауым әнші мен оның жарын құттықтап жатыр.
"Құтты болсын", "Әрбір әйелге бақытты болсын", "Қуанып кеттім, не деген бақыт", "Көз тимесін, Мейрамбек екеуіңнің ұрпағың көбейе берсін", "Он екі мүшесі сау балапан дүниеге келсін", "Балаңызды аман-есен қолыңызға алыңыз!" , - деп жазды желі оқырмандары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?