«Арамызда бала бар»: Жұлдызай Дүйсенбиева Нұржан Төлендиев туралы ел естімеген сырын айтты

Тамыз 8, 2025 - 15:46
«Арамызда бала бар»: Жұлдызай Дүйсенбиева Нұржан Төлендиев туралы ел естімеген сырын айтты
Alash.KZ

Танымал театр актрисасы, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева Нұржан Төлендиевпен арасындағы ортақ махаббаты мен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ.

AINUR ASANBERDI YouTube арнасына берген сұхбатында Жұлдызай 15 жылдық тарихы бар Алдараспан театрының директоры Нұржан Төлендиев екеуінің бірге ойнаған рөлдері ел аузында әлі жүргені, соншалықты сендіріп ойнағанда жұрттың өздерін ерлі-зайыпты ретінде қабылдағанын да жасырмады. Жүргізушінің “Нұржан екеуіңді не байланыстырады?” деген сұрағына актриса іркілместен қалжыңмен жауап берді:

Нұржан екеумізді махаббат байланыстырады. Өйткені, арамызда бала бар. Қазір көрерменнің бәрі “Масқара! Айттым ғой! Айттым ғой!” деп отырған шығар.

Артынша, бұған сахнада сенімді серігі болғар Нұржан Төлендиев жайлы өз ойын айтып, “ортақ махаббатқа” теліген сөзін түсіндірді:

Махаббат деп отырғаным… Бұл - біздің екеуміздің театрға деген, сахнаға деген махаббатымыз. Өйткені, Нұржан - сахнаны қатты жақсы көретін актер. Ол әлі күнге дейін сахнадан түспей, сахнаны айырбастамай жүр. Қанша миллиондап, миллиардтап ақша берсе де, киносына түсіре алмай жүр. Сондықтан, өнерге, сахнаға деген махаббат екеумізді қатты байланыстырады. Өйткені, екеуміз ұрысып, қанша талас болып, бір-біріміздің бетімізді көрмей кетіп жатсақ та, сахнаға шыққан кезде біз оның бәрін ұмытып кетеміз. Ойнап, күшті, керемет болып, шығып, қайтадан ұрысуымыз мүмкін. Бұл деген сахнаға, театрға, халыққа деген махаббат.

Отбасылы адамдардың образын бұрыннан отасқан жандардай мінсіз алып шығатын дуэтті талай мәрте үйлендіріп, ажырастырғандар да болған екен:

Шу қаласына концертке барған кезде бір үйге күтті. Ол кезде театрдың енді ашылған кезі. Қалтамызда қонақ үйге ақша жоқ. Зәулім үй бар бір отбасы үйіне шақырды. “Мына балаларға бір бөлмеге төсек салып қойдық. Сіздер мына жаққа жатасыздар” дейді . Нұржан екеумізге бірге төсек салып қойыпты. Мен “неге олай” десем, “сіздер, ерлі-зайыпты емессіздер ме?” дейді. “Ойбай! Жооқ! Біз өмірде доспыз, сырласпыз. Сосын мен оны жездем деймін. Әйелі менің руласым болғаннан кейін”. Сүйтсем, бізді “әйелі мен күйеуі” деп, жақсы көріп отыр екен. Бірден “қалай?!” деп, өкпелеп қалды. “Біз сіздерді бір отбасы деп жүрсек” дейді. Жақында 15 жылдықта сол үйге тағы қонаққа барсақ, келіншек айтады “Өләә, сол кездегім үшін ұялам сіздерден” деп. Енді, қараңыз елдің махаббаты ғой. Екеумізді жұп көріп, отбасы қылып жіберген.

Сөз соңында Жұлдызай Дүйсенбиева өнер мен өмірдің ара жігін ажырата білетінін, сол үшін де көптің сөзін дұрыс түсінуге шақырды:

Арамызда бала бар дегенім… Әртіс балалардың бәрін Нұржан екеуміз жинадық қой. Біз олардың бәрін өзіміз жинап, өзіміз ортаға қостық. Таяуда 15 жылдықта “екеуің қайтып қосылдыңдар ма?” деген әңгімелер шықты. Үлкен аралар “Құдай екеуіңнің жұптарыңды жазбасын” деп үлкен апалар бата беріп жатыр. Нұржан айтады: “ Иә, апа, қайтадан қосылдық. Арамызда балалар бар. Қайда барамыз?” дейді. Әртіс балаларды айтып жатыр ғой. Кейбіреулер шын қабылдап жатыр. Сондықтан, бұл - Нұржанның да, менің де өшпейтін үлкен халыққа, сахнаға деген махаббат. ДҰРЫС ТҮСІНІҢІЗДЕР!

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow