Арқалықта су айдынынан бойжеткеннің мәйіті табылды
Арқалықтағы су айдындарының бірінен бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Су айдынынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған қыздың мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Сондай-ақ полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0