Арман Дүйсеновтің әйелі президенттен көмек сұрады

Қараша 14, 2025 - 09:55
Қараша 14, 2025 - 10:19
Арман Дүйсеновтің әйелі президенттен көмек сұрады
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, марқұм Арман Дүйсеновтың жұбайымын.

Аты-жөнім Айсұлу Айданқызы, Алматы қаласының тұрғынымын. Сіздің назарыңызды Алматы қаласы соттарының әділетсіз шешімдеріне назар аударып, өзіңізден көмек сұраймын. 2024 жылдың 7 қазанында 21 жасар ұлым Дүйсен Абылайдың өз пәтерінде екі қолы байлаулы, аяғы жерде тұрған, мойнын сүйеп байлап кеткен өлі денесі табылды. Көптеген деректер анықталса да, бұл іске қатысты тергеу әлі нақты шешімге келген жоқ. 

24 қазанда 2025 жылы Бостандық аудандық соты менің пәтеріме қатысты әділетсіз шешім шығарып, мен, 13 жасар ұлым және 83 жастағы қарт әкем тұрып жатқан пәтерден шығарылуым туралы заңға қайшы шешім шығарды. Ал пәтер үшін дауласқан тұлға Мұқаш Санжар ұлым Абылайдың өліміне байланысты жүргізіліп жатқан тергеу барысында «мен Абылайға тек қарыз ақша бергенмін, пәтерді кепіл етіп алдым» - деп анық көрсеткен. Осы туралы тергеу сотының 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі қаулыларында бекітілген. Демек, сот, сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тануы тиіс еді.

Марқұм Абылай мен Мұқаштың екеуара уатсаптарында, соңғы тек 65 млн. теңгені өте жоғары пайызбен бергені расталды. Яғни марқұмды, оны өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені жасаған деуге жеткілікті негіздер бар. Заң бойынша - жарамсыз мәміле.

Даугер Мұқаштың 65 миллионмен, нарық құны 140 млн. теңге тұратын пәтерді иемдену айласы бастапқыдан болғаны көзге көрініп тұр. Алайда, сот қылмыстық іс құжаттарын мүлде сұратпай, оларды зерттемей, біржақты шешім шығарды. Одан бөлек, заңды талап бар – қылмыстық іс тергеліп жатқан кезде, азаматтық дау тоқтатылуы тиіс. Бүгінге дейін ұлым Абылайдың өліміне қатысты тергеу аяқталған жоқ», - дейді марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow