«Артық әңгіме айтып, қадіріңді кетірме»: Жігер Ауыпбаев «Қойшы балаға» ескерту жасады

Маусым 17, 2024 - 10:59
Маусым 17, 2024 - 11:00
«Артық әңгіме айтып, қадіріңді кетірме»: Жігер Ауыпбаев «Қойшы балаға» ескерту жасады

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев көпшілікке “Қойшы бала” болып танылған Айдос Кәденге ренішін жеткізді.
Бүгінде қос өнер иелері бір-бірімен араласпайтынын мойындады.

“Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін... Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. "Қайта кірер есігіңді қатты жаппа", "Ішкен құдығыңа түкірме" дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп тиктоктың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын. Мен сен жайлы айтар болсам өнер жолындағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқамын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой!" – деп жазды әнші.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жас әнші Айдос Кәденнің Жігер Ауыпбаев туралы айтқаны әншіне ұнамай қалса керек. 

Қойшы баланың айтуынша, "Жігер аға мені танылғаннан кейін алып кетті. Ауылда жүріп, танылмай, қой бағып жүрген кезімде алып кетсе, дұрыс еді. Танылып болғаннан кейін ол кісі мені Instagram-нан көріп, іздеп тапты", деген болатын. 

Еске салайық, бұған дейін жас әнші жаңа продюсерін халыққа таныстырған еді. 

Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow