Әшімбаев сенат қашан таратылатынын айтты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғарғы палатаның кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Құрылтай қашан жұмыс бастайтынын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, сенаттың құзіреті мен қызметі тоқтатылған соң екі айдың ішінде сайлау өтуі тиіс.
“Бұл шаруалардың бәрі 1 қыркүйекте бітеді. Яғни, 1 қыркүйекте жаңа парламент – Құрылтай жұмысын бастап кетуі тиіс. Яғни, 1 қыркүйекте жаңа адамдар келеді. Соларға сұрақ қойып, қандай заңдарды қабылдайтынын сұрай аласыздар. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс берсе, біз 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз”, – деді Әшімбаев.
Әшімбаев сөз соңында сенат заңдарға сай таратылатынын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0