«Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Оқиға Отар-Алматы учаскесінде болған.

Шілде 10, 2024 - 09:05
 0  444
«Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
© Sputnik / Игорь Маслов

Кеше Шилібастау станциясында №4 «Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» компаниясы.

Компанияның мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 «Астана-Алматы-2» пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Осы жағдайға байланысты, №4 «Астана-Алматы-2» пойызының жолаушылары басқа пойызға көшірілген.

«Жолаушыларды стандартты вагондардан құралған №504/503 «Алматы-2-Отар-Алматы-2» бір реттік пойызы тасымалдайды. Осы пойыздың жолаушыларына багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді», - делінген хабарламада. 

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты «1433» нөмірі арқылы алуға болады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 4
😢 Қайғылы 2
😮 Жарайсың 0