Астана күні елімізде 448 нәресте дүниеге келді

Шілде 7, 2026 - 13:44
chat_bubble  0 visibility  1
Астана  күні елімізде 448 нәресте дүниеге келді
Фото: Ашық дереккөз

Елорда күні – 6 шілдеде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 223-і – ұл, 225-і – қыз. Сондай-ақ мереке күні елімізде екі егіз өмірге келген. Олардың екеуі де Астана қаласында туған.

Өңірлер бойынша ең көп сәби Түркістан облысында дүниеге келген. Мұнда бір тәулікте 67 нәресте туған. Ал Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті әйелдерге, босанатын аналарға және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ведомство сәбилері осындай айтулы күні дүниеге келген ата-аналарды құттықтап, жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0