Астанада 156 млн теңгенің бұйымдарын ұрлаған әйел Ыстамбұлда ұсталды

Қараша 28, 2025 - 11:18
Қараша 28, 2025 - 11:31
Астанада 156 млн теңгенің бұйымдарын ұрлаған әйел Ыстамбұлда ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Ыстамбұлда ұрлық бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен.

27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow