Астанада әскерде ұлынан айырылған аналар жиналды: Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді

Митингке шыққан аналарды полиция ұстап әкеткен. 

Қараша 11, 2025 - 10:33
Астанада әскерде ұлынан айырылған аналар жиналды: Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді

Мемлекет басшысы Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды. 

Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

10 қарашада Астанада Министрліктер үйі маңында әскери қызмет кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аналары жиналып, ұлдарының өлімін әділ тергеуді және әскерді реформалауды талап еткен еді.

Кейіннен митингке шыққан аналарды полиция ұстап әкеткен. 

"10 қараша күні Астанада азаматтарды қабылдау орталығының маңында рұқсат етілмеген акция ұйымдастырылған. Қатысушыларға заң талаптары бірнеше рет түсіндірілді және прокуратура өкілдері мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бейбіт жиындарды өткізу тәртібін бұзуға болмайтыны туралы ресми ескерту жасалды. Дегенмен, қатысушылар бұл ескертулерге жауап бермеді. Сондықтан заңмен қарастырылған шаралар қабылданды”, – делінген полиция хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, әскердетқаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардцң отбасыларына қатысы жоқ, провокациялық мақсатпен келген бірнеше азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Акцияға қатысқан әскерде қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналарына алдын алу әңгімесі жүргізіліп, оларға заң нормалары түсіндірілді, содан кейін олар үйлеріне жіберілді”, – делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow