Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.

Ақпан 8, 2024 - 10:06
 0  84
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.

Бұған дейін Қазгидромет мамандары бүкіл ел аумағында қар жауып, жел күшейетінін айтқан еді.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 8 ақпан күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстіктің таулы аймақтарында, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар түседі.

Еліміз бойынша, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік-батыста және солтүстікте бұрқасын болады, дауыл соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел тұрады.

 

 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0