Астанада кілем цехынан өрт шықты

Қаңтар 8, 2026 - 10:49
chat_bubble  0 visibility  14
Астанада кілем цехынан өрт шықты
Фото: 112 kz

Бүгін түнде Астана қаласы Сарайшық ауданында Шарбақты көшесінде орналасқан кілем жуатын цехтардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар келген сәтте цех ішінде қою түтін болған. Құтқарушылардың күшімен цехтың ішіндегі бір автокөлік пен екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде кілем жуу құрылғылары мен шатырдың ағаш құрылымдарында болған өрт толықтай сөндірілді.

Өрттің жалпы ауданы 250 ш.м. құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0