Астанада қонақ үй қызметкері Түркиядан келген туристің 8 сақинасы мен 8 сырғасын үйіне алып кеткен (ВИДЕО)
Бұдан бөлек ол әйелдің екі алтын алқасын да иемденіп алыпты

Астанадағы қонақ үйлердің бірінде ыңғайсыз жағдай орын алды: бұндағы қызметкер Түркиядан келіп, бөлмесіне алтын бұйымдарын ұмытып кеткен туристің заттарын үйіне алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, әйел адам Астанаға қыдырып келіп, қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Еліне барғанда қонақ үйге 8 сырға, 8 сақина мен екі алтын алқасын ұмытып кеткенін көрген. Ол бірден Астананың полициясына хабарласып, арыз түсірген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 8 жұп сырға, 8 сақина және екі алтын алқаны қонақ үй қызметкері иемденіп кеткені белгілі болды. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрланған мүлік табылып, иесіне қайтарылды», - деп хабарлайды полиция.
Сіздің реакцияңыз қандай?






