Астанада подъезде балта ұстаған мас ер адам 15 тәулікке қамалды
Астанада балта ұстап, подъезде жүрген мас ер адам тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Астанада тұрғындарды шошытқан оқиға бойынша 31 жастағы ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде тұрғын үй кешендерінің бірінің подъезінде балта ұстап жүрген ер адамның видеосы тараған еді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы жедел анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға ер адамның танысының пәтерінде болған. Сол сәтте үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Ер адамдар бірге алкоголь ішкеннен кейін, қонақ агрессивті мінез көрсетіп, қолына құрылыс құралын алған.
Полицияның хабарлауынша, ер адамның заңға қайшы әрекеттері дер кезінде тоқтатылған. Кейін подъезде жүрген кезде ол әйнекті сындырып, өзі кесілген жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді. Басқа азаматтар зардап шеккен жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0