Астанада «Шапағат» сауда үйі өртеніп жатыр

Мамыр 8, 2025 - 11:21
 0  37
Астанада «Шапағат» сауда үйі өртеніп жатыр

Астанада Сарыарқа ауданындағы “Шапағат” комунналдық базарында өрт шықты. Адамдарға жаппай эвакуация жасалды. 

Жергілікті жерде жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды, деп хабарлады ТЖД.

"Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғына тексеру жалғасуда.

Өрт орнына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 71 адамы және 20 бірлік техника жұмыс істеуде", - делінген хабарламада. 

Өрттің ауданы шамамен 400 шаршы метрді құрайды. Бұл әзірге ТЖМ-нің алдын ала ақпараты. 71 құтқарушы мен 20 техника жұмыс істеуде.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0