Астанада жедел жәрдем көлігі аударылып, адамдар зардап шекті (ВИДЕО)

Жол апаты 7 шілде күні Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында болған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Жедел жәрдем көлігі Hyundai автокөлігімен соқтығысып, бір жағына аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жарақаттар аса ауыр емес, дәрігерлер қарағаннан кейін екеуі де үйлеріне жіберілген.
Қазір оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?






