Астанадағы «Ана мен бала» орталығында бүлдіршін жоғалып кетті

Қазан 2, 2025 - 12:36
Астанадағы «Ана мен бала» орталығында бүлдіршін жоғалып кетті
Фото: Facebook/Ана мен бала орталығы UMC

Астанадағы "Ана мен бала" орталығында нәрестенің жоғалғаны туралы ақпарат жалған жолып шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Медициналық мекемеде 12 жасар бала қабылдау бөлімінің күту аймағынан шығып кеткен. Қауіпсіздік қызметі баланы іздеу үшін "Қызғылт код" жариялап, жарты сағат ішінде оны тапты.

Жаңа туған сәбидің жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде алдыңғы күні тараған болатын. Осыған байланысты 2025 жылдың 1 қазанында, клиника құрамына кіретін "University Medical Center" корпоративтік қорының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратты.

"2025 жылдың 30 қыркүйегінде Ана мен бала орталығының қабылдау бөліміне анасы 12 жасар баласымен бірге күндізгі стационарға жатқызу үшін келген. Ауруханаға жатқызу алдын ала жоспарланбағандықтан, қосымша құжаттар рәсімделіп, күту қажет болды", – делінген хабарламада.

Әкімшілік рәсімдер кезінде бала күту аймағынан шығып кеткені белгілі болды. Анасы баланы өздігінен таба алмаған соң клиниканың қауіпсіздік қызметіне жүгінген.

"Халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен ішкі хаттамаларға сәйкес, кәмелетке толмаған баланың жоғалуына байланысты "Қызғылт код" жарияланды", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Протоколға сәйкес, ғимараттың барлық шығу жолдары дереу жабылып, бейнебақылау камералары тексерілген.

"Қауіпсіздік қызметі мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында бала 30 минут ішінде табылды. Оқиға сәтті аяқталды, науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ", – делінген баспасөз хабарламасында.

Ана мен бала орталығы әсіресе кәмелетке толмағандар үшін пациенттердің қауіпсіздігіне қатысты стандарттарды қатаң сақтайтынын айтады. Сондай-ақ баспасөз қызметі көрінеу жалған ақпарат тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow