Астанадағы әуебазада әскери қызметкер оққа ұшты

Шілде 9, 2025 - 21:11
 0  332
Астанадағы әуебазада әскери қызметкер оққа ұшты
Фото: istockphoto.com

Астанадағы әскери авиациялық база аумағында әскери қызметші абайсызда қасындағы адамды атып салған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің мәліметіне сәйкес, оқиға қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған. Зардап шеккен әскери қызметші дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0