Астанада пәтер өртеніп, үш бала қаза тапты
Астанадағы көпқабатты үйде өрт шығып, кәмелетке толмаған 3 баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
12 сәуірге қараған түні Есіл ауданының Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, шақырту түскен бойда оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің іші ашық отпен жанып жатқанын көрген.
Құтқарушылар жалын ортасынан денесін күйік шалған әйелді алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір ол қаладағы 1 көпсалалы ауруханаға жатқызылды, ал пәтер ішін тексеру кезінде кәмелетке толмаған 3 баланың мүрдесі табылған.
Төтенше жағдайлар қызметі жоғарғы қабаттардан 20 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды, тағы 40 адам ғимараттан өз бетінше далаға шыққан. Қазіргі уақытта жалын толық өшіріліп, оның нақты шығу себебі тексеріліп жатыр.
Жергілікті әкімдік өкілдері зардап шеккен әйел мен қаза болғандардың отбасына барлық қажетті көмек берілетінін хабарлады.
Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0