Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пойызбен соқтығысты
Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пен пойыз соқтығысты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 20 маусым күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Ивеко» бағыттық автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесінің бойындағы теміржол өткелінен өтіп бара жатып, қозғалыстағы локомотивке жол бермеген.
Соққы салдарынан «Ивеко» бағыттық автобусы инерциямен «Хюндай» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0