«Атам зорламақ болған»: Айгүл Елшібаева зорлық-зомбылыққа құмар ерлер туралы айтты

Өз атасы, ағасы, нағашысы зорламақ болған мыңдаған қыздан хат аламын.

Наурыз 10, 2024 - 17:56
Наурыз 10, 2024 - 18:01
«Атам зорламақ болған»: Айгүл Елшібаева зорлық-зомбылыққа құмар ерлер туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Термеші Айгүл Елшібаева қыз зорлаушылардың жазасын қатаңдату керегін айтты, деп жазды smatnews.

Ол психолог Айнұр Асанбердіге оқырманының жазған хатын бөлісті. Оқырман хатында «Атам жүргіш болған екен. Бүкіл ауыл біледі. Апамыз шыдаған. Кейін сол атам мені зорламақ болған. Қазір есіме түссе жыным келеді» деп жазған. Бұған психолог «Өз атасы, ағасы, нағашысы зорламақ болған мыңдаған қыздан хат аламын. Тіпті ең жақын құрбымның басынан осындай жағдай өткен» деп жауап берді.

 Аталған жайтқа да Айгүл Елшібаева өз пікірін білдіріп, мұндай жайттардың себебі іздеді.

«Психолог Айнұр Асанбердінің сторисінен мына жағдайды оқып жағамды ұстап отырмын. Психологтарға адамдар ешкімге айта алмайтын ішкі күйзелісін жеткізеді ғой.Соның бірі осы жағдай екен. Мына жағдайды төбеме жай түскендей оқып отырмын. Ақ сақалы беліне түскен аталарымызға не көрінген? Төрінен көр жақын адамның мұндай іске баруын кім құптайды. Құдайдан безген имансыз адам құптамаса. Хайуан нәпсінің жетегінде кеткен, қандай оңбаған екен. Дін десе өре түргеліп қарсы шығатын кейбір оқырмандарға айтарым, дін деген жан жаратқан Құдайдың тиымдарына мойын ұсынушы адамды, діни тұрғыда мұсылман дейді. Дін ең бірінші хайуан нәпсіңе тұсау салуыңа арқылы, иманыңды кемелдендіріп парасаттылыққа, рухани өсудің жолына бағытайтын сенім. Тәрбие көрмеген, құдайдан қорықпаған, дүниеде хайуан нәпсінің жетегінде жүрген имансыздың ісі осы әрекетке апарып соғары анық. Молдалар адам иман үшін, нәпсімен күресу керек дейді. Ойды шайтан немесе періште салады деп айтады.

Шайтанның салған уәсуәсінің жетегінде кетіп, ақылынан ие болмаған хайуан нәпсінің жетігіндегі адам осындай көргенсіздік пен тексіздікке барады. Діннің де айтары сол. Адам жақсылыққа ұмтылғанда адами сипатын сақтап қалары анық. Адамдық қалыпты біліммен жиған ақылың мен иманың сақтап қалады. Өздеріңді тәрбиелей алмасаңдар, кімге өнеге көрсетесіңдер, діни ілімнен алыстаған адамның шаңырағында осындай істердің болуы заңдылық.

Қазақ құдайдан қорықпағаннан қорық деген. Бұндай адамдарға ешқандай кешірім жоқ, заң жүзінде аяушылық жасамай, көзіне көк шыбын үймелетіп, елдің көзіне қарай алмайтын жағдайға жеткізу керек. Бұлардың жазасы ауыр болуы керек» – дейді термеші Айгүл Елшібаева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow