Атамекенге көшуге мүмкіндік бермей отыр: Ауған қазақтары Димаштан көмек сұрады

Желтоқсан 26, 2025 - 14:02
 0  1
Атамекенге көшуге мүмкіндік бермей отыр: Ауған қазақтары Димаштан көмек сұрады
фото: видеодан скриншот

Ауғанстанда тұратын қазақ диаспорасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Миграция бойынша жаһандық елшісі, белгілі әнші Димаш Құдайбергенге үндеу жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Үндеуде Димаш Құдайбергеннің БҰҰ аясында Миграция бойынша жаһандық елші атануы ауғанстандық қазақтар үшін зор үміт екені айтылған.

Осы орайда диаспора өкілдері екі маңызды мәселе бойынша қолдау көрсетуді сұрап отыр.

«Құрметті Димаш Қанатұлы!

Бүгінде Ауғанстанның әр аймағында 5 мыңға жуық қазақ өмір сүруде. Біз – ХХ ғасырда қазақтың басынан өткен ауыр кезеңде Ауғанстанға өткен ұрпақпыз. Бұл елдегі ауыр жағдайға қарамастан, қазақ болып қалуға тырысып келеміз. Бірақ хәліміз ауыр. Біздің басты арманымыз – тарихи отанға оралу. Ұрпағымызды аман-есен қазақ ортасына жеткізу», – делінген үндеуде.

Ауғанстан Қазақ мәдени орталығының төрағасы Асадолла Оймауыттың айтуынша, қазіргі таңда шамамен 5 мың адамға қатысты деректер, тізімдер және қажетті құжаттар толық әзір.

«Қазақстан тарапына жасаған көптеген өтінішке қарамастан, бұл мәселе әлі шешімін таппады. Көш-қон шектеулері бізге Атамекенге оралуға мүмкіндік бермей отыр. Сіздің Біріккен Ұлттар Ұйымында Миграция бойынша ізгілік елшісі болғаныңыз, бізге үлкен үміт сыйлайды. Сондықтан Сізден мынаны сұраймыз:

• Бізді репатриациялық бағдарламаға қосуға жәрдем;

• мәдени-гуманитарлық қолдау. Бізде қазір 5000 адамның ақпараты мен тізімдері және құжаттары дайын», – деді Ауғанстан Қазақ мәдени орталығының төрағасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0