Атыраулық трагедия: Екі адамды өлтірген күдікті Индонезияда ұсталды

Ақпан 24, 2026 - 19:04
Ақпан 24, 2026 - 19:58
 0  43
Атыраулық трагедия: Екі адамды өлтірген күдікті Индонезияда ұсталды
Сурет: polisia.kz

Атырау өңірінде екі бірдей адамның өмірін қиды деп айыпталған 29 жастағы Сұлтан Сарсемалиев Индонезияның Ломбок аралында қолға түсті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 2025 жылдың қарашасында болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті ақша мен мүлікке бола екі адамды (зейнеткерлер — Максот Қарабалин мен Насип Үтешқалиеваны) алдын ала жоспарлап өлтірген. Қылмысын жасыру үшін ол мәйіттерді шаруашылық құрылысының (сарайдың) астына көміп, қан іздерін жойған және қаза тапқандардың ақшасы мен мүлкін иемденіп кеткен.

Бұл іс осыған дейін өзін «Атыраулық хакер» деп таныстырған анонимді қолданушының мәлімдемелерімен де ел есінде қалған еді. Ол отбасы мүшелерінің банк карталары Балиде тіркелгенін айтып, «сенсация» жасағысы келген. Алайда Атырау облысы ПД бұл ақпараттың ресми мәліметтерден жай ғана көшірілгенін және «хакердің» өзі де алаяқтық бойынша іздеуде жүргенін мәлімдеді.

Сарсемалиевпен бірге оның бұрынғы әйелі де табылды. Ол осыған дейін «хабар-ошарсыз кетті» деп халықаралық іздеуде болатын. Алайда отбасының өзге мүшелері — Наурыз бен Мейрамгүлдің қайда екені әлі де жұмбақ. Бұл сұрақтың жауабын тек Сұлтан ғана білуі мүмкін деген болжам бар.

Қазіргі уақытта екеуін де Қазақстанға депортациялау мәселесі шешіліп жатыр. Олар жақын арада елге жеткізіліп, тиісті жазасын алады деп күтілуде.

Оқиғаның мән-жайы туралы толығырақ:

Күдіктінің Балиде болғаны туралы хакер мәлімдемесі

Атырауда жоғалған отбасының оқиғасы

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0