Атырауда бетперде киген төрт адам шекара қызметкерлеріне шабуыл жасады

Қыркүйек 30, 2025 - 09:50
Қыркүйек 30, 2025 - 09:51
Атырауда бетперде киген төрт адам шекара қызметкерлеріне шабуыл жасады
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

28 қыркүйек күні сағат 14:00-де рейдтік іс-шаралар барысында шекара катері ірі көлемде браконьерлердің балық аулау құралдарын тапты. Кейін шекара қызметіне бетперде киген адамдар шабуыл жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қамыстардың арасынан торларды жинап жатқан кезде катерге бетперде киген төрт белгісіз адам отырған қайық жақындап келді. Олар тоқтау талабын елемей, жоғары жылдамдықпен келіп, катердің сол жақ бортына соқтығыс жасады. Салдарынан экипаж мүшелерінің бірі суға құлап кетті.

Кейін қаскөйлер беймәлім бағытта қашып кетті. Қазір Атырау облысының Шекара қызметі департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Оқиғаға байланысты мамандар кезектен тыс тексерулер барысында өңір тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады.

Қазір өңірде шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар күшейтілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңсыз балық аулауға қарсы күресті жалғастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow