Атырауда бассейнге барған 14 адам уланып қалды

Шілде 14, 2025 - 11:05
Атырауда бассейнге барған 14 адам уланып қалды

13 шілде күні Атыраудағы бассейнге барған адамдардың денсаулығы сыр берген. Олар хлордан улануы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

Stan.kz сайтының жазуынша, бассейнге барған 14 адам медициналық көмекке жүгініп, үшеуі ауруханаға жатқызылған. Жағдайлары тұрақты. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

“Індетке қарсы шаралар жүргізілді, су мен ауа үлгілері алынды. Хлор буы бойынша шекті мөлшерден асып кету анықталған жоқ, зертханалық тексерулер жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасымен зардап шеккендер облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды. Сондай-ақ өңірдегі барлық бассейн мен аквапарктерге тексеріс жүргізу тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow