Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ болып шықты

Бұрын сотта болмаса да, бір рет қылмыстық қудаланған

Шілде 14, 2025 - 11:58
Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ болып шықты
Фото: instagram.com/01pk

Алаяқтық іс бойынша Перизат Қайраттың сот отырысы өтіп жатыр. Сотта прокурор айыпталушы мен оның анасына қатысты жеке деректерді айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық іс бойынша Қайрат Перизат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қылмыстық кодекстің осы баптарына сәйкес, айып тағылып отыр:

  • Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша үш эпизод
  • 218-баптың 1-бөлігі 2-тармағы және 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы (заңсыз кірістерді заңдастыру, яғни ақшаны жылыстату) бойынша да айыптар тағылған.

«Психиатриялық немесе наркологиялық есепте тұрмайды. Орта білімді аяқтамаған. Бұрын сотты болмаған. Алайда, ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, 2012 жылы қылмыстық қудалау аясында тартылған, бірақ іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Қазіргі уақытта,  2024 жылғы 14 қарашадан бастап бұлтартпау шарасы ретінде қамауда отыр», - деді прокурор.

9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы кезінде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Алайда ІІМ бұл мәлімдемесін жоққа шағырып, растаған жоқ.

Естеріңізге салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету мақсатында жиналған 3 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow