Елімізде коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды

Шілде 8, 2025 - 10:52
 0  209
Елімізде коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған.

Үкіметте өткен жиын барысында коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылғаны белгілі болды.

"Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1 пайыз). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады.

Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0