Трамптың салығы Қазақстан экспортына әсер етпейді

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың тариф саясатына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады sadaq.kz.
Мәлімдеме Трамп салығының Қазақстан экспортының 95 пайызына әсер етпейтіні айтылған.
"2025 жылдың 7 шілдесінде АҚШ президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті.
Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.
Алайда, қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар — жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде", - делінген мәлімдеме.
Бүгінде ел Үкіметі АҚШ әкімшілігіне Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдаған.
"Қазақстан мақсаты — нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау. Қазіргі уақытта Америка тарабы Қазақстан ұсыныстарын қарастыруда және келіссөздерді өткізу күні туралы хабарлайды. Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын", - дейді сауда министрлігі.
Бүгінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4% - ға (4,1 млрд. АҚШ) көбейген.
Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай - 1,1 млрд. АҚШ долл. (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн. АҚШ доллары (16,4%), күміс - 239,9 млн. АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн.АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн. АҚШ (0,89%)және басқалар.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн. АҚШ долларын құрады.
2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 418,2 млн. АҚШ доллары болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






