Атырауда екі жасөспірім суицид жасады

Шілде 5, 2025 - 14:07
 0  58
Атырауда екі жасөспірім суицид жасады
Фото: azbyka.ru

Атырауда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім суицид жасады, деп жазады Sadaq.kz. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Полицияның мәліметіне сүйенсек, өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің бірі — 2009, екіншісі 2010 жылы туған.

Екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, кәмелетке толмағандардың араласқан ортасын жан-жақты зерттеу қолға алынды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмысы жалғасады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейбір телеграм арналарының мәліметіне қарағанда, суицид жасағандардың бірі - ұл, екіншісі - қыз. Алайда, полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның қай күні, қай елдімекенде болғанын нақтыламады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0