Атырауда мектеп маңында жеті жастағы оқушы қыз көз жұмды

Сәуір 6, 2026 - 11:14
app_badging Сәуір 6, 2026 - 11:15
chat_bubble  0 visibility  1
Атырауда мектеп маңында жеті жастағы оқушы қыз көз жұмды
Фото: ash.kz

Атыраудағы BINOM мектебінің маңында бірінші сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.  

Оқиға 6 сәуір күні таңертең Нұрсая шағынауданында, Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің маңында болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жеті жастағы қыз  сабаққа бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп келе жатқан. Осы сәтте оны көлік қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан оқушы жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай басқа оқушылар мен ата-аналардың көз алдында болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жеткенімен, баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Қазіргі оқиға орнында құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.  Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0