Атырауда NCOC компаниясының бөлім басшысын өлтіріп кетті

Ол NCOC компаниясында бөлім басшысы қызметін атқарған.

Сәуір 30, 2025 - 10:25
Сәуір 30, 2025 - 10:52
Атырауда NCOC компаниясының бөлім басшысын өлтіріп кетті

Атыраудағы «Француз кварталы» элиталы тұрғын үй кешенінен әйел адамның мәйіті табылды деген ақпарат тараған еді.

Куәгерлердің айтуынша, әйелді пышақтап өлтіріп, құнды заттарын ұрлап кеткен. Марқұм  - Солтүстік Каспий жобасында (NCOC) департамент басшысы болған. Кей деректерде әйел жүкті екені айтылған.

Бүгін полиция  46 жастағы әйелді өлтірген адамның ұсталғанын хабарлады. 

"Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1979 жылғы әйелді тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылғы күдіктіні ұстады. Күдікті қамауға алынды. Одан заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 Күдікті қамауға алынып, іс Қылмыстық іс тергеу департамент бастығының бақылауына алынған.

Адам құқықтары жөніндегі бюро Facebook желісіндегі парақшасында Атыраудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде денесі табылған марқұм әйелдің туыстары жүгінгенін жеткізген. Бюро хабарламасына сай, марқұм әйел 1979 жылы туған және NCOC компаниясында бөлім басшысы қызметін атқарған. Ол көп жыл бойы мұнай-газ саласында жұмыс істеген.

"Алдын ала дерек бойынша марқұмның денесінде пышақ іздері анықталған, үйдегі сейф ашылған күйде болған. Бибігүл Шпанова - елдегі ең ірі деген жобаларды, оның ішінде Қашағанды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосқан кәсіби мамандардың бірі" , - делінген хабарламада. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow