Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айыптар тағылды
Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты іс бойынша басты айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке тағылған айып ауырлатылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Кезекті сот отырысында мемлекеттік айыптаушы іс бойынша бірнеше эпизодтың құқықтық саралануын өзгертті.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев қайын атасы Мақсот Қарабалин мен қайын енесі Насип Өтешқалиеваны бұған дейін жасалған тағы бір қылмысты – қайнысы Наурыз Мұқанғалиевтіңөлімін жасыру мақсатында өлтірген. Осыған байланысты айыпқа «өзге қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру» деген жаңа саралау белгісі енгізілді.
Сондай-ақ айыпталушының қайын сіңлісі Мейрамгүл Қарабалинаныңөліміне қатысты да айып толықтырылды. Тергеу мәліметінше, мүгедектігі бар қыз дәрменсіз жағдайда болған және өзін қорғай алмаған. Сондықтан бұл эпизодқа «дәрменсіз күйде екені алдын ала белгілі адамды өлтіру» деген саралау белгісі қосылды.
Өзгерістер өзге эпизодтарға да қатысты болды.
Қаза тапқандардың атына заңсыз әлеуметтік төлемдерді алу әрекеті енді интернет арқылы жасалған алаяқтық ретінде сараланып отыр.
Нақтыланған мәлімет бойынша, осы эпизодтардың бірі бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 520 996 теңгені құрайды.
Бұдан бөлек, қаза тапқандарға тиесілі малды сатуға қатысты эпизодтың да құқықтық бағасы өзгертілді. Бұған дейін бұл әрекет алаяқтық ретінде қарастырылса, енді тергеу оны мал ұрлығы деп бағалап отыр.
Іс бойынша қалған айыптар өзгеріссіз қалды.
Еске салайық, Атырау қаласында елді дүр сілкіндірген қанды қылмысқа қатысты соттың алғашқы отырысы 18 мамырда өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0