Атыраудағы қылмыс: Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев екі айға қамалды
Атырауда облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мұндай шешімді қалалық мамандандырылған тергеу соты қабылдады. Қазір күдікті Сұлтан Сарсемалиев тергеу изоляторында отыр.
Айта кетейік, осыған дейін күдіктіге тағылған айыптар тізімі кеңейтіліп, қылмыстық іске тағы бір бап қосылған еді.
Ішкі істер министрлігі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы, “екі немесе одан да көп адамды өлтіру” және “адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық” баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0