Атыраудағы Янаның өлімі: Сотталғандар жазаны жеңілдетуді сұрауда
Атырауда аяусыз өлтірілген Янаның ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 24 ақпанға белгіленді. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов үкіммен келіспей, шағым түсірді. Бұл туралы Nemolchi.kz парақшасына сілтеме жасап Sadaq.kz хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, сотталғандардың бірі Алтынбек Катимов сот кезінде бірде-бір сұраққа жауап бермеген. Тергеушілер оның қылмыстық ниетін анықтау үшін жасырын тергеу амалдарын жүргізіп, камерадағы жазбалар мен өзара хат алмасуларын («малява») қолға түсірген. Осы деректер арқылы қылмыстың беті ашылған болатын.
Қазіргі таңда сотталғандар жазаны жеңілдетуді талап етіп отыр. Ол кісі өлтіруге «тапсырыс» (жалдау) болғанын жоққа шығарады (ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 7, 8-тармақтары). Тапсырыс туралы дерек тек әлеуметтік желідегі хаттарға негізделген, ал ақша алғаны туралы нақты айғақ жоқ деп санайды. Сондай-ақ, ол телефонды әдейі жою фактісімен (ҚР ҚК 202-бабы) келіспейді. Катимов телефон жойылған кезде өзінің басқа жерде болғанын алға тартуда.
Айта кетейік, апелляциялық соттың шешімінен кейін ғана бұған дейін кесілген өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінің күшінде қалатыны немесе өзгертілетіні белгілі болады. Қоғам бұл істің әділ шешілуін жіті бақылап отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0