Атышулы «Айка тізімін» жасаған блогер қыз 6,5 жылға сотталды

Мамыр 21, 2024 - 14:08
Мамыр 21, 2024 - 14:08
Атышулы «Айка тізімін» жасаған блогер қыз 6,5 жылға сотталды

Алматыда қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынып, “жеке” секс-кештер ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 25 жастағы бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты. Атышулы "Айка тізімін" жасаған блогер қыз 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Атышулы тізімі қоғамда біраз шу тудырған сотталушы мефедронды заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған, сондай-ақ жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.  Сотталушы қыздарға “демеушілер” табуға, әлемді аралауға және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Ал топқа кіру құны 300 доллар. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін сотталушы клиенттен түскен табыстың 40%-ын өзіне алып отырған. Ақшаның қалған бөлігі қызмет көрсеткен қызға беріледі.  

Айта кетейік, айыпталушы ретінде М. және Т. есімді азаматтар саналған болатын.  Айка 6 жыл 6 айға, ал оның сыбайласы 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.  Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.   Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп (қылмыстық кодекс 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы) айыптады.  Ал, Т. -ға бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деген айып тағылды (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1-т.).  Сот отырысы жабық режимде өтті.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың мамыр айында М. аса ірі мөлшерде мефедронды (психотроптық затты) сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.  Сондай-ақ М. 2020-2023 жылдар аралығында материалдық пайда алу мақсатында Т.-мен бірлесіп, интимдік қызмет көрсету үшін жеңгетайлық жасаған.  М. осы қызметтер арқылы жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы қыздардан ақша алып отырған.  

Жаза тағайындау кезінде сот қыздың жасаған ісіне өкінетінін, қылмысты ашуға көсектескенін, жас баласының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.  Бұған дейін прокуратура келісімі бойынша блогер қызға қатысты қылмыстық кодекстің 309-бабы “Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық” және 297-бабы “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау”  бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған.  

Сот барысында секс-бизнесін ұйымдастырушыдан жылжымайтын мүлік құжаттары, ақ түсті ұнтақ зат қалдықтары бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтыну үшін оралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм мефедрон тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow