Аттан құлаған: Астаналық қыз бір ай комада жатып көз жұмды

Тамыз 14, 2026 - 16:40
app_badging Тамыз 14, 2026 - 17:49
chat_bubble  0 visibility  15
Аттан құлаған: Астаналық қыз бір ай комада жатып көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысындағы қала сыртындағы ат-спорт клубында қайғылы жағдайға тап болған 33 жастағы астаналық азаматша ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиға шілде айының басында Астана іргесіндегі «Атлант» ат-спорт клубында болған. Жақындарының айтуынша, Жазира есімді жәбірленушінің атқа міну тәжірибесі жеткілікті болған. Дегенмен, серуен кезінде үріккен жануарды басқара алмай, екпінмен жерге құлаған.

Ауыр жарақат алған азаматша шұғыл түрде елордалық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған. Науқас содан бері терең комада жатып, 13 тамыз күні есін жинамастан көз жұмды.

Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Целиноград ауданы аумағындағы ат клубтарының бірінде Астана тұрғынының аттан құлауына байланысты биыл 6 шілдеде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. 13 тамызда жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қайта сараланады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0