Әйгілі әнші Иглесиасқа үй күтушілерін зорлады деген айып тағылды

Қаңтар 14, 2026 - 16:18
 0  0
Әйгілі әнші Иглесиасқа үй күтушілерін зорлады деген айып тағылды

82 жастағы әйгілі әнші Хулио Иглесиас зорлау айыбымен айыпталды. Испаниялық әншіге жыныстық зорлық-зомбылық пен соққы көрсетті деген айып тағылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Independent басылымы жазды.

Басылым мәліметінше, өнер иесіне қатысты айыптауларды оның зәулім үйінде бұрын жұмыс істеген екі әйел айтқан. Олардың бірінің сөзінше, әнші оны мәжбүрлеу арқылы интимдік қатынасқа түскен, қорлап, физикалық күш қолданған.

Екінші қызметкер орынсыз тиіскенін, балағат сөздер айтқанын, психологиялық қысым көрсеткенін, сондай-ақ улы әрі абьюзивті орта қалыптасқанын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта Хулио Иглесиастың өзі де, оның өкілдері де тағылған айыптар бойынша ресми түсініктеме берген жоқ. Әнші 82 жаста.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0