«Бәріңізге бұйыртсын!»: Айжұлдыз Адайбекова болашақ жарымен түскен фотосын жариялады

Актриса жақында таныстыратынын айтты.

Сәуір 2, 2024 - 16:24
Сәуір 2, 2024 - 16:41
«Бәріңізге бұйыртсын!»: Айжұлдыз Адайбекова болашақ жарымен түскен фотосын жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Танымал актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке парақшасында болашақ жарымен түскен фотосын жариялады, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Актрисаның бұрынғы некесінен Назар есімді ұлы бар.

“Бәріңізге бұйыртсын! Жақында таныстырамын”, – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары оған бақыт тілеп жатыр.

“Бақытты болыңыздар!”, “Алла сезімдеріңізді арттыра берсін!”, “Мен білемін кім екенін”, “Айжұлдыз сенің өте ақылды, керемет білімді қыз екеніңді бір подкасты тыңдап білдім. Бұрын тек Жанар Айжанованың қызы деп ойлайтынмын. Алла зейініңді ашқыр, өз қатарластарыңның алды бол! Осындай білімді ұрпақ өсіп келе жатырғанына өте қуаныштымын! Бағың жансын!”, – деп жазды көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow