Azal экипаж мүшелеріне «Ұлт қаһарманы» атағы берілді
Бұдан бөлек апаттан кейін тірі қалған екі экипаж мүшесі бірінші дәрежелі "Рашадат" орденімен марапатталды.
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қаза болған Әзербайжан Эйрлайнс бортының командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және бортсерігі Хокума Әлиеваға "Ұлт қаһарманы" атағы берілді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ол төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға үлес қосқаны үшін беріледі.
Марқұмдарды соңғы сапарына аттандыру рәсімі Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында өтті.
Оған ел президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева, марқұмдардың туыстары мен жақындары, ресми тұлғалар мен қоғамдық өкілдер қатысты.
Ұлт қаһармандарымен қоштасу рәсіміне халық та көп жиналды.
Сіздің реакцияңыз қандай?