Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты

Желтоқсан 23, 2024 - 23:23
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Фото: freepik.com

Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz. 

23 желтоқсанда энергетикалық комбинатта төтенше жағдай орын алып, жұмысшы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның үстіне құбыр құлап кеткен.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін "Майқайың-Алтын" кенішінде жұмысшы жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапқаны туралы жазған едік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow