Ақтаудағы ұшақ апаты: Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды

Желтоқсан 25, 2024 - 14:21
 0  45
Ақтаудағы ұшақ апаты: Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды
Фото: Kazinform

Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Астанадан Ақтауға дәрігерлерді жіберіп, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.

Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан «Эмбрайр190» AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0