Ақтаудағы ұшақ апаты: ресейлік Росавиация мәлімдеме жасады

Желтоқсан 27, 2024 - 17:06
Желтоқсан 27, 2024 - 17:07
Ақтаудағы ұшақ апаты: ресейлік Росавиация мәлімдеме жасады

Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты ресейлік Сосавиации басшысы Дмитрий Ядров мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ядров болған жағдайдың барлық мән-жайын мұқият тексеру қажеттігін айтқан. Оның сөзінше, апат болған күні Грозный әуежайының маңындағы жағдай өте қиын болған. Ядровтың айтуынша, "Украина дрондары осы уақытта Грозный және Владикавказ қалаларында азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасаған".

Осы кезде әуежай аймағында барлық әуе кемелерінің көрсетілген кеңістіктен дереу кетуін көздейтін "кілем" режимі енгізілген. 

Сонымен қатар, тұман түіп, 500 метр биіктікті көру қиынға айналған.

– Әуе кемесінің командирі Грозныйға ұшақты қонуға екі рет әрекет жасады, онысы сәтсіз болды. Командирге басқа әуежайлар ұсынылды. Ол Ақтау әуежайына бару туралы шешім қабылдады, - деп қорытындылады Росавиация басшысы.

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді.

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow