«Балаңнан өшімді аламын деді»: Әли Оқапов інісі Мәдимен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты
Әнші Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов «КЕШREC» бағдарламасында інісі Мәди Оқаповпен қарым-қатынасы туралы әңгімелеп, не себепті жиі кешірім сұрайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Мәдиден жиі кешірім сұрап жүремін. Себебі оның кішкентай кезінде кейде артық кетіп, ағалық жасап қойған кездерім еске түседі. Өзі де “тым қатты кеткен сәттерің көп еді” деп айтқан. Бірақ бәрін кешіріп, түсіністік танытты. Қазір араласымыз жақсы. Кейде “енді менің кезегім келді, Зейіннен өшімді аламын” деп әзілдейді. Мен болса “ағасы ретінде қалай тәрбиелесең де өзің біл” деп айттым», – деді Әли.
Әншінің айтуынша, отбасының ең жұмсақ мінездісі – Мәди. «Ол ешкімге ренжімейді, ешкімге қаталдық танытпайды. Барлығына көмектесуге дайын, кешірімді адам», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?